Қарағандыда 3000 адам әнұранды бір уақытта шырқады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 3000 адам әнұранды бір уақытта шырқады

04.06.2024

Қарағанды қаласында да рәміздер күні ерекше тойланды. Ту тұғырына жиналған 3000-ға жуық адам бір уақытта әнұран шырқады.

Елдігімізді білдіретін рәміздер күні, мұнан соң вело шерулер мен концерттерге жалғасты. Оған өңірдің барлық қалалары мен аудандары ат салысты. Одан бөлек, аймақ басшысы су басқан өңірлерге көмекке барып, ерекше көзге түскен құтқарушыларды Алғыс хатпен марапаттады.

Әсем Қалдыбаева Қарағанды облысы ТЖД қызметкері:

Еңбегімізді елеп марапаттап жатқанына мың алғыс. 3000 адам бірге ҚР Әнұранын шырқағаны керемет болды, үлкен сезімде болдық. Бұл біздің халқымыздың бірлігін білдіреді.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу