Үндістанда бюллетен санау басталды. Бұл мемлекетте әлемдегі ең үлкен парламенттік сайлау алты аптаға созылып, сенбі күні аяқталды. Онда 970 миллиондай адамның дауыс беруге құқығы бар.
Санақ күні бойы жүргізіліп, сайлау нәтижесі кешке дейін белгілі болуы керек. Дегенмен, экзит-поллдың мәліметінше, бұл жолы да премьер-министр Нарендра Модидің ұлтшылдар партиясы жеңіске жетіп, үшінші мерзімге қалуы мүмкін.
Арыстан Рысбек