Қытайдың ғарыш кемесі Айдың арғы бетінен сынамаға топырақ жинады. Мұны осы елдің ұлттық ғарыш басқармасы хабарлады. Оның дерегінше, ғарыш кемесі «Чанъэ-6», маусымның 25-де Қытайдың Ішкі Моңғолия аймағына қонуы керек. Бұл кеме Айға өткен айда аттанды. Ал жексенбі күні ол діттеген жеріне жеткен. Айта кетсек, Айдың арғы жағы Жерге қарап тұрған жоқ және ойлы-қырлы. Қонатын орын аз. Сондықтан бұл миссия аса күрделі саналады.
Арыстан Рысбек