Халықаралық көрмеде қазақстандық 70 компания өз өнімін таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық көрмеде қазақстандық 70 компания өз өнімін таныстырды

04.06.2024

Минскідегі 34-ші «Белагро-2024» мамандандырылған көрмесінде Қазақстанның ұлттық экспозициясы ашылды. Онда отандық 70 компанияның өнімі таныстырылды. Халықаралық шараға еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков төрағалық ететін делегация қатысып жатыр. Олар өсімдік, мал, құс шаруашылығын дамытудағы озық бағыттармен, өнімді қайта өңдеу, орау және сақтаудың заманауи технологияларымен, беларусьтық шаруалардың ауыл шаруашылығы техникасымен танысады. Ал қазақстандық өндірушілер аграрлық ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми жетістіктерімен қатар, агросекторға қажет түрлі техниканы көрсетуде. Ауқымды шараға әлем елдерінен бас-аяғы 490 компания қатысып жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу