Астанада «Мен Қазақстанның патриотымын!» әскери шеру өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Мен Қазақстанның патриотымын!» әскери шеру өтіп жатыр

04.06.2024

Дәл қазір Астанада «Мен Қазақстанның патриотымын!» атты әскери шеру өтіп жатыр. Бәйтерек монументі жанына жиналған 70-тен астам сарбаз сап түзеп, оркестрдің сүйемелдеуімен Есілдің жағасымен жүріп өтеді. 

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күн ел жадында Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде сақталған. Егеменді еліміз үшін бұл мерекенің маңызы зор. Таңертеңнен бері бас қалада түрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Бәйтеректің алаңында концерттік шара өтіп жатыр. Өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты. Алаңға 1000-ға жуық адам жиналған. 

Шараны ұйымдастырған қалалық әкімдіктің сөзінше, бүгін қала бойынша 5000-нан астам адамға ту таратылған. Сондай-ақ қазір осы алаңда Ұлттық Ұланның әскери оркестрі патриоттық әндер шырқауда. Одан кейін әскери шеру өтеді. Сарбаздар Бәйтерек монументінен бастап, Есілдің жағалауымен сап болып бірнеше шақырым жүріп өтеді. Оған қоса, қазір бірер сәтте кейін мұнда жиналғандар назарына көлемі 6/12 метрлік ту әкелінеді. Оны кез келген тұрғын ұстап көруіне болады.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу