Өңірлік ынтымақтастық мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлік ынтымақтастық мәселесі талқыланды

04.06.2024

Еуразия экономикалық одағының екінші онжылдығында, одан әрі дамудың нақты мақсаттарын құру және оларды іске асыру үшін тиісті жұмыстарды жолға қою қажет.

Бұл туралы Беларусьтің Несвиж қаласында өткен Одаққа мүше мемлекеттердің Үкімет басшылар қатысқан кеңес отырысында Олжас Бектенов айтты.

Премьер-министр жұмыстың маңызды бағыты ретінде тасымалдардың тиімділігін арттыруды атап өтті. Ол үшін «Қытай – Орталық Азия», «Қытай – Еуропа» бағыттары бойынша жүктердің транзиттік декларациясын автоматтандыру қажет.

Бұл жұмыстарды Қазақстан тарапы бастап кеткен. Пилоттық жоба оң нәтиже көрсетіп отыр. Кеңесте Үкімет басшысы көтерген тағы бір өзекті тақырып — Одаққа мүше елдердің мемлекеттік сатып алу мәселесі. Төмен баға ұсыну үшін ұлттық режимді қолдану тәсілдерін түзетіп, баға шегін белгілеу қажет.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
ЕАЭО – бұл 185 млн-нан астам халқы бар кедендік шекарасы жоқ нарық. Біз қабылдаған шешімдер, ең алдымен, азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етуі керек. Бұдан әрі бірлескен жұмыс бізге экономикалық интеграцияны нығайтуға және елдеріміздің тұрақты әрі орнықты дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Ғабит Ұзақбай

Хабарламаларға жазылу