Ақтауда «Патриоттық такси» жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Патриоттық такси» жолға шықты

04.06.2024

Ерекше бастаманы қала тұрғыны Әлия Исаева жүзеге асырды. Ол өзінің жеке автокөлігін еліміздің көк туымен безендіріп, тұрғындарды діттеген жеріне тегін жеткізіп жүр. Егер жолаушылар мемлекеттік рәміздер, тарихи тұлғалар туралы патриоттық сұрақтарға жауап берсе, сыйлығы да бар.

Қазбек Мырзағұлов, Ақтау қаласының тұрғыны:
Алыстан көрдім отырғым келді. Жолға шықтым тоқтаттым. Сұрақ болатынын күткен жоқпын бірақ шынымен патриоттық сезімді оятты. Тарихи сұрақтар өзіміздің елімізге қатысты, елтаңбамызға қатысты сұрақтар. Көбіне жауап бердім. Жауап бергеніме осындай сыйлық берді. Күшті сезімде тұрмын.
Әлия Исаева, «Патриоттық таксидің» жүргізушісі:
Арнайы Қазақстан Республикасының рәміздерін насихаттау мақсатында бастадым. Мен қазақпын деген азаматтың бойында патриоттық сезімді оятып қана қоймай, ұлтқа деген, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан жобам. Дәл осы патриоттық таксиді безендіруге 1,5 миллиондай ақша кетті. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу