Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мысыр сенатының төрағасымен кездесті. Елімізге ресми сапарымен келген Әбделуахаб Әбделразеқ Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды толық қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыру, соның ішінде парламентаралық байланысты әлі де нығайту мәселесін айтты. Отырыс барысында тараптар сауда-экономикалық, көлік-транзит, туризм мен мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.
Тәуірбек Бозекен