Астанада автобустар түнде де қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада автобустар түнде де қатынайды

05.06.2024

Астанада автобустар түнде де қатынайды. Жазғы кезеңнің басталуымен нөмірі 201, 202, 203-ші бағдарларды іске қосу жоспарланып отыр. Енді елорда тұрғындары мен қонақтары түнгі 12-ден таңғы 6-ға дейін қала ішінде қоғамдық көлікпен жүре алады.

Түнгі бағдарлар қаланың негізгі аудандарын қамтымақ. Қозғалыс сызбасы мен жүру кестесі автобус бағдары іске қосылғанда жарияланады.


Хабарламаларға жазылу