Атырау облысының Ақжар ауылында қорғаныс бөгетін су шайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының Ақжар ауылында қорғаныс бөгетін су шайып кетті

05.06.2024

Атырау облысының Ақжар ауылында нөпір су қорғаныс бөгетін шайып кетті. Аймақтағы жағдайды өңірдегі әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіттен білейік. Нұрсұлтан елдімекендерге қауіп бар ма?

Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:

Қатты ағыстың салдарынан Ақжар ауылының тұсындағы бекітілген жаға опырылды. Алайда жауапты мамандар елдімекенге қауіп жоқ деп отыр. Ағын су 100 метрге жуық аумақты шайып әкеткен. Қазір бұл жерде бөгет нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Геомембрана төселіп, қосымша топырақ төгілді. Бұл жұмыстарға Атыраудың және Ақтаудан келген Төтенше жағдайлар департаментінің 20-ға жуық қызметкері жұмылдырылды. Соңғы бір аптада Атырауда Жайық деңгейінің төмендегені байқалады. Бүгін тағы 1 см-ге түсіп, 596 см-ді құрап отыр. Дегенмен, учаскеге жауаптылар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бөгеттердегі кезекшілікпен күзетуде.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу