Бас прокуратура: Қайтарылған актив соммасы 375 млрд теңгеге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас прокуратура: Қайтарылған актив соммасы 375 млрд теңгеге жетті

05.06.2024

Шетелден қайтарылған актив соммасы 375 миллиард теңгеге жетті. Бас пропуратураның хабарлауынша, оның басым бөлігі, яғни 272 миллиард теңге ақшалай қайтқан. Қалғаны түрлі актив. Кен орындары, монополистік компаниялар, жер телімдері, сондай-ақ қонақ үйлер, бизнес орталықтары, виллалар, пәтерлер, қымбат көліктер мен зергерлік бұйымдар. Бұл сандар жақында еселеп артуы мүмкін. Өйткені Бас прокуратура елдегі мыңнан астам және шетелдегі 150-ден астам мүлік объектілері туралы мәліметтерді талдап жатыр. Тағы 600 млрд теңгенің бағалы қағаздары тексеріліп жатыр. Елімізде 200, шетелде 140 банк шоты анықталды. 2 трлн теңгеге жуық күдікті транзакциялар тексерілуде.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу