Шымкентте асырап алған жетім балаларды азаптаған емші оқиғасына қатысты мектеп қызметкерлері жазаланды. Отбасындағы 6 баланың үлкені мегаполистегі №95 жалпы орта мектептің 9 сыныбында оқыған. Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғыны асырап алған балаларды ұрып-соғып, оларға тамақ бермей, азаптаған. Қалалық Білім басқармасы өгей әкеден эәбір көрген оқушының психологиялық жағдайына назар аудармағаны және отбасындағы жағдайды тиісті орындарға жеткізбегені үшін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісіне ескерту жасады. Сондай-ақ психолог маман мен әлеуметтік педагог сөгіс алды. Қазір бұл оқиғаға қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр.
Ғани Қалмаханов