Словения ресми түрде Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде таныды. Ел парламенті бұл шешімді құптаған. 53 депутаттың 52-сі қолдап дауыс берді. Осылайша Словения БҰҰ-ның Палестинаны таныған 147-ші мүшесі болып отыр. Палестинаның тәуелсіздігін мойындаған мемлекеттер қатарында Қазақстан, Түркия, Қытай және Ресей бар. Бұл тізімге мамырда Норвегия, Ирландия мен Испания қосылды.
Арай Төлеген