Тәуелсіздігімізді айшықтайтын ұлттық символдарымызға биыл 32 жыл толып отыр. Ендеше, ұлттық рәміздеріміздің тарихы, мән-мағынасы туралы және рәміздерге қатысты әсерлі сәттер жайлы келесі материалда кеңірек баяндалады.
1992 жылы Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрды. Осыдан кейін ел аумағында конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 мыңнан аса нұсқа түскен. Ал Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысқан. 2007 жылы 4 маусымда қабылданған «Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық Заңға сәйкес жыл сайын дәл осы күні Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.
Рәміз – қай жерде де қастерлі, құнды. Бірақ, сол рәміздерді көргенде көкейіңді мақтаныш ерекше кернеп, тұла бойыңды елжіретіп жіберетін кезі болады. Көбіне жаһандық жарыстарда...
Қазақтың туы талай биікте желбіреген. Асқақ таулардың шыңына тігіліп, Антрактида мен Арктикада, тіпті, ғарышта да болды. Бірақ, сол ту қандай көлемде, қандай жерде тұрмасын қастерлі. Мына видеода кішкента жүректе патриотизмнің дүлей дүрсілі сезіледі.
Отансүйгіш, елжанды болу тәрбиеден қалыптасатын қасиет. Мысалға, мынау періштелі шаңырақта балалар әнұран әуенінің алқашқы носатынан-ақ, сап жиылып, сапқа тізілгенін қараңызшы...
Жалпы, еліміздегі ең биік және ең ірі ту Астананың төрінде тұр. Салмағы - 100 келіден асады, ұзындығы - 30, ені - 15 метр. Ол ту биіктен түспесін деп тілейміз. Хош, қазақстандықтар үшін рәміздердің мән-мағынасы қандай? Сұрап көрдік...
Қорыта айтқанда, Елтаңбамыз төрімізде жарқырап, Әнұранымыз әуелете шырқалып, көк Туымыз биікте мәңгілік желбірей берсін. Себебі, рәміз бұл егемендіктің бас төлқұжаты.
Азамат Бейбітұлы