Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары қайықпен қатынап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары қайықпен қатынап жүр

06.06.2024

Атырау облысы Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылы әлі су қоршауында тұр. Кірме жолды су шайып кетуіне байланысты тұрғындар қайықпен қатынайды. Бүгінге дейін 100-ден астам адам тасымалданған. Ол үшін Төтенше жағдайлар департаментінен 4 техника мен оншақты қызметкер кезекшілікке қойылған. Елдімекен осыдан екі апта бұрын алдын ала түгел эвакуацияланған еді. Қазір аймақта су деңгейі төмендеп келеді. Махамбет ауданындағы ауылдарға су кіру фактісі тіркелген жоқ.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу