Германияда тасқынмен күрес жалғасып жатыр. Елдің оңтүстігіндегі Австриямен шекаралас Пассау қаласында төтенше жағдай жарияланды. Бұл аймақта Дунай өзенінің деңгейі 10 метрге жеткен. Германияның түскейіндегі табиғи апатқа төпелеп жауған жаңбыр себеп. Соңғы мәліметке қарағанда, үш тұрғын қаза тауып, мыңдаған адам үйлерін тастап кеткен.
Арыстан Рысбек