Мексикада құс тұмауын жұқтырған адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада құс тұмауын жұқтырған адам қайтыс болды

06.06.2024

Мексикада құс тұмауын жұқтырған алғашқы оқиға тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 59 жастағы мехиколық тұрғын, құс тұмауының «А» типтегі аса қауіпті вирусты жұқтырып, қайтыс болғанын растады. Жұқпалы дерт, арнайы зертханада анықтаған. Мамандар инфекцияның адамға қайдан, қалай жұққанын әлі нақты анықтай алмай отыр. Алайда, Мексикадағы кейбір құс етінен «А» типтегі вирус табылған.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу