Велоспорттан Азия чемпионатында алғашқы алтын бұйырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велоспорттан Азия чемпионатында алғашқы алтын бұйырды

06.06.2024

Спорттан сүйінші хабар! Алматыда басталған велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Сайыстың бірінші күнінде, аралас командалар арасында эстафета өтті. Командалық жарыста ерлер мен әйелдер 40 шақырымда бақ сынады. Қазақстандық команда тас жолды 51 минутта жүріп өтіп, үздік болды. Ал екінші орын Өзбекстанға бұйырса, үштікті Гонконгтан келген велошабандоздар қорытындылады. Турнирге Азияның 28 елінен 600-ден астам спортшы қатысып жатыр. Дода 12 маусымға дейін жалғасады.

Жетес Сүлейменов, Қазақстан Велоспорт федерациясының бас хатшысы:

Азия біріншілігінің төрешілері алғашқы конгрестен кейін бригада төрешілері анықталады. Қазір бізде Гонконг мемлекетінің төрешілері жарысты өткізіп жатыр.

Ольга Забелинская, жарысқа қатысушы /Өзбекстан/:

Біз алдын-ала жарыс жолағымен танысып алмадық. Десек те, тас жолда жүріп өту қиын болған жоқ. Біз қанша көрші мемлекетте тұрсақ та, мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Мұндағы табиғат, жалпы шараның ұйымдастырулы көңілден шығып жатыр.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу