Жалпы су тасқыны кезінде 12 мыңнан аса мал басы қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі, олардың құнын өтеу бойынша жұмыстар толығымен аяқталғанын жеткізді. Төрт-түліктің өлекселерін жинау және оларды жою жұмыстары да бітті. Ал, осы күнге дейін 140 мың бас мал эвакуацияланды. Қазір жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
7 өңірде 10 565 ауыл шаруашылығы жануарлары үшін 2,4 млрд теңге сомасында төлемдер жүргізілді. Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында 1885 бас ауыл шаруашылығы жануарлар шығыны өтелді. Төлем жүргізілген барлық өтінімдер әлеуметтік көмек ақпараттық жүй есіне енгізілді.
Тәуірбек Бозекен