Павлодар облысында бірқатар аймақтарда өрт қаупі күшейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында бірқатар аймақтарда өрт қаупі күшейді

07.06.2024

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы аумағындағы қарағайлы орман өртене жаздады. Серуенге барған балалар ата-аналарынан бөлініп орман ішінде от жаққан. Жалын қураған шөпке тиіп қаулай жөнелгенде, өртті ерте анықтау жүйесі автоматты түрде іске қосылып, дабыл ойнайды. Орман күзетінің инспекторлары мен өрт сөндірушілер бейнебақылау көмегімен өрт шыққан жерді бірден анықтап, жалынды тез арада сөндірді.

Балалардың ата-анасына айыппұл салынды. Күннің ысуына байланысты бірқатар аймақтарда өрт қаупі күшейді. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл және Қостанай , Қарағанды облыстарымен қатар барлығы 13 өңірде ескерту жарияланды


Хабарламаларға жазылу