Армениядағы жанармай құю станциясында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армениядағы жанармай құю станциясында жарылыс болды

07.06.2024

Армениядағы жанармай құю станцияларының бірінде жарылыс болды. Оқиға Ереван-Севан тасжолында болған. Жарылыс арты алапат өртке ұласты. Алдын ала мәліметтерге сай, 7 адам ауруханаға түскен. Екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға орнына Ішкі істер министрлігінің құтқару қызметі аттанды. Жарылыстың неден болғаны анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу