Құрбан айт мерекесіне 10 күн қалды. Астана әкімдігі базарлардағы құрбан шалуға арналған орындардың санитарлық талаптарын тексерді. Мал союға болатын 5 орын бекітілді. Яғни, 17-19 маусым күндері Шанхай, Баракат, Жайлау, Шолпан-ата базары мен Темір жол маңындағы қасапқана орындары жұмыс істейді.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекциясы бекітілмеген орындарда мал союға болмайтынын ескертіп отыр. Ал Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, құрбандыққа қандай мал шалынатынын айтты. Ұсақ, ірі малды да шалуға болады. Ақсақ, көзі көрмейтін, мүйізі жоқ мал жарамайды деді.
Айя Мүтәлі