11 маусымнан бастап Шенген визасы қымбаттайды. Еуропалық комиссия виза құны 12 пайызға өсетінін мәлімдеді. Яғни, ересектер үшін құжат рәсімдеу 44 мың теңге, балалар үшін 22 мың теңге деп бекітілді.
Комиссия визаның қымбаттауын инфляцияның өсуімен байланыстырып отыр. Жалпы Шенген визасы арқылы Еуропаның 27 еліне емін-еркін саяхаттауға болады. Қысқа мерзімді сапар уақыты - 90 күн.