Қызылордада 851 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада 851 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылды

07.06.2024

Қызылорда қаласының аумағында игерілмей жатқан 851 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды Оны қала прокурорлары жер учаскелерін зерделеп, қадағалау барысында анықтаған. Нәтижесінде 9 гектар кәсіпкерлік, 842 гектар жайылымдық жер жекенің иелігінен алынды.

Ұзақ жылдар бойы жерді игірмеген 16 тұлғаға қатысты әкімішілік шара қолданылды. Сондай-ақ кадастрлық құны 163 миллион теңгені құрайтын тағы 7 мың гектардан аса жер телімін мемлекет меншігіне қайтару бойынша заң аясында тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу