Алматыда Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ТМД елдерінің V жастар форумына қатысушылармен кездесті. Басқосуға режиссура, драматургия, сценография жəне театр саласындағы дарынды болашағынан үміт күтетін жас мамандар қатысты. Сала мамандары, мəдениет жəне өнер саласындағы шығармашылық жастарының ынтымақ нысандарын кеңейту мәселесін талқылады. Айта кетейін, форум аясында шетелден келген режиссерлер мен драматургтер, кəсіби театр мамандары шеберлік дәрісін өткізуде. Сондай-ақ 9 мемлекеттен келген жас режиссерлердің қойылымдары көрсетіліп жатыр. Жеңімпаздарды кəсіби қазылар алқасы анықтайды. Үздік деп танылған ұжымға ақшалай сыйлық беріледі. Байқау нәтижелері 9 маусымда белгілі болады.
Тұңғышбай Жаманқұлов, актер, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы:
Өнерде шекара болмау керек. Өнердің жолы әртүрлі. Сондықтан бұл болып жатқан үлкен шара, форум өте қажетті және керекті нәрсе. Бірімен-бірі ақылдасып, сырласып, қандай тақырыпты қалай қаузау қажет, қандай актерлік шеберліктің неше түрлі жолдары бар. Сол жайында ақылдасып жатырмыз.
Қуан Нұрақын