Абай атындағы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай атындағы Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті

07.06.2024

Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 44 жұмысты қарады. Құрамына еліміздің шығармашылық зиялы қауым өкілдері кіретін комиссия мүшелері Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның биылғы Мемлекеттік сыйлыққа түскен жұмыстар туралы ақпаратын тыңдады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.


Хабарламаларға жазылу