Қостанайда бәйге кезінде шабандоз аттан құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда бәйге кезінде шабандоз аттан құлады

10.06.2024

Қостанайда Қазақстан чемпионатының бәйгесі кезінде шабандоз бала аттан жығылды. Әуесқой бейнежазбадан құлап түскен соң, оның басына артта келе жатқан аттың тұяғы тигенін байқауға болады. Есінен танып қалған шабандозды сол жерде тұрған ересектер қауіпсіз жерге шығарған. Оған дереу медициналық көмек көрсетілді.

Кейін баланың аса ауыр жарақат алмағаны мәлім болды.


Хабарламаларға жазылу