Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Португалия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны және барша португал халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.
Ғасырлар бойы қалыптасқан терең тарих пен бай мәдени мұраға сүйене отырып, бүгінде Португалия өзінің орнықты даму және халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Астана мен Лиссабон арасындағы достық қарым-қатынастар алдағы уақытта елдеріміздің игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.