Қарағандыда 1 жасар сәби көкжөтелден көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда 1 жасар сәби көкжөтелден көз жұмды

11.06.2024

Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі айтты. Ақмарал Әлназарованың хабарлауынша, екпе салдырмаудың салдары осындай жағдайға жеткізіп отыр.

Шетінеген сәбиге екпе салынбаған. Былтырдан бері елімізде көкжөтел көбейген. Жөтел жұқтырған баланың 80 пайызы екпе алмаған. Ал емханаларда вакцина қоры жеткілікті. Мемлекет тарапынан қосымша қаражат бөлінген.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық Сақтау Министрі:

Біріншіден бала уақыты жетпей туған. Вакцинаны алмаған. Ауруханаға кеш түскен. Тиісті асқынулардың кесірінен біз ол балаға көмектесе алмадық. Коклюш жеңіл өтетін ауру емес. Асқыну түрлері осындай жағдайлармен аяқталуы мүмкін. Сондықтан тегін вакцинаны уақытында алуға шақырамын. 


Хабарламаларға жазылу