БҰҰ Газадағы атысты тоқтату жоспарын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Газадағы атысты тоқтату жоспарын мақұлдады

11.06.2024

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Газа секторындағы жағдайды реттеу бойынша АҚШ ұсынған жоспарды құптады. Құжатты мамырдың соңында Ақ үй басшысы Джо Байден ұсынған еді. Жоспарды Қауіпсіздік Кеңесінің 14 мүшесі қолдап дауыс берсе, Ресей қалыс қалған. Бітімге келу жоспары үш бөлімнен тұрады.

Оған атысты тоқтату, кепілдегілерді кезең-кезеңімен босату және Израиль әскерін сектордан шығару кіреді. Израиль Газа секторында әскери операцияны былтыр қазан айында Хамастың шабуылынан кейін бастады. Қарулы топтың шабуылынан Израильде 1200-ден астам адам қаза тапқан еді. Ал Израильдің операциясынан Газа секторының 37 мыңнан астам тұрғыны мерт болды.


Хабарламаларға жазылу