Елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылады

11.06.2024

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады. Кездесуде елімізде «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сондай-ақ инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынуда.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу