Өзбекстанда бөгет жарылып, жолдарды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда бөгет жарылып, жолдарды су басты

12.06.2024

Өзбекстанда Хисорақ жасанды су қоймасының бөгеті бұзылды. Маңайдағы жолдар су астында қалды. Қашқадария облысына қарасты кей ауылдарда халық алаңдап, өзге жаққа бас сауғалап кетіп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Бұл ақпаратты елдің Төтенше жағдайлар министрлігі растады. Ресми мәліметке қарағанда, су қоймасының іргесіне таяу жерде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарынан, бөгетте сызат пайда болып, су сыртқа қарай лап қойған. Апаттың салдарын жою мақсатында жауапты өкілдерден тұратын жедел штаб құрылды.

Абдулла Кулдашев, Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлар министрі:

Арнайы техниканың көмегімен қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Республикалық деңгейдегі мамандардан құралған жұмыс тобы шұғыл түрде аймаққа жетіп, жағдайды зерделеді. Төтенше жағдай орын алды деуге негіз жоқ. Қазір қоймадағы судың мөлшері қалыпты деңгейде.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу