Ақтөбедегі зағиптар қоғамы экоқаптамалар шығара бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбедегі зағиптар қоғамы экоқаптамалар шығара бастады

12.06.2024

Ақтөбедегі зағиптар қоғамы «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Мекемеге тиесілі оқу-өндірістік комбинатынан қағаздан экологиялық таза қаптамалар шығарыла бастады.

Күнделікті қолданыстағы полиэтилен қаптамалардың толық ыдырауына шамамен 500 жыл қажет. Ал экоқаптамалардың зияны әлдеқайда аз. Зағиптар қоғамына тиесілі цех тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Қағаз қаптаманың құны 5 пен 25 теңгенің аралығында. Бұл жердегі құрылғылармен мүмкіндігі шектеулі жандар тікелей жұмыс істемейді. Олар тек қаптамаларды сұрыптауға, жинауға көмектеседі. Негізгі тапсырыс беруші – шағын тамақтану орындары. Өндіріс орны тәулігіне 10 мың дана қаптама шығаруға қауқарлы.

Динара Смағұлова, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осындай экологияға бей-жай қарамайтын компанияларды кеңінен насихаттауға ниетті. Осы орайда Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасы барлық кәсіпкерлерді, компанияларды, кәсіпкерлерді «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысуға шақырады.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу