Қостанайда діни терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда діни терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

12.06.2024

Қостанайда діни терроризмді насихаттаумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды. Ол радикалды діни идеологияны ұстанған. Сонымен қатар жүрген ортасы мен әлеуметтік желілерде шариғат жолын желеу етіп зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдар таратқан. Енді күдікті терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға, діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сотка дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу