Қазақстан темір жолы дефолтқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Мәжілісте мәлімдеді. Әлихан Смайылов көлік саласына бюджеттен бөлінген миллиардтардың қалай жұмсалғандағы жөнінде аудиторлық есеп берді. Оның айтуынша, Қазақстан темір жолының қарызы жыл басында 2 трлн 900 млрд теңгеге жеткен. Ал темір жол инфрақұрылымын дамытуға бөлінген ақша тиімді жұмсалмаған. Мәселен, соңғы 4 жылда салаға 2 трлн теңгеден астам қомақты қаржы берілген. Десе де, темір жолдағы түйткілдер әлі со қалпы, дейді Смайылов. Жолдар, лакомативтер, вагондар әбден тозған. Былтыр жолаушылар пойызы жалпы алғанда 412 сағатқа кешіккен. 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 есе кері кетіп отыр.
Досжан Маратұлы