Бүгін Астана жұртшылығы кішкентай жұлдыздарды таңдады. Елімізде тұңғыш рет өткен байқауда 3-17 жас аралығындағы өнерпаздар бақтарын сынады.
Мерекелік кеште бүлдіршіндер ән айтып, көрерменді тамсандырды. Бірі мың бұралып би билесе, енді бірі хормен ән айтып, өнерсүйер қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Ләззат БЕКТАС