Кездесуде Қазақстанның Оңтүстік Кореямен геологиялық барлау және тау-кен өндірісі салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шығыс Қазақстан облысындағы жүргізілген барлау жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы «шикізат орнына инвестиция мен технология» прагматикалық формуласына сай ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Хансоль Пэк Мемлекет басшысына компанияның «жасыл» сутегі өндірісі саласында қол жеткізген табыстары жөнінде баяндады.
Оңғар Алпысбайұлы