Атырауда ауыр соққыдан зейнеткер көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ауыр соққыдан зейнеткер көз жұмды

12.06.2024

Атырауда абайсызда көлік сырып кеткен зейнеткер кісі қолынан қаза тапты. Қаладағы базарлардың бірінде кішігірім жол-көлік оқиғасы болған. Газель тізгіндеген егде кісі Mercedes көлігінің есігін зақымдайды. Алайда, жеңіл көліктің жүргізушісі балағат сөздер айтып, зейнеткерді соққының астына алған. Есінен танып қалған ол жедел ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақаттың салдарынан қария көз жұмды. Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Мейірім Ердәулет, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

Қылмыстық іске қатысты қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 106-шы бабы 3-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу