Қостанайдағы машина жасау зауытынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайдағы машина жасау зауытынан өрт шықты

12.06.2024

Қостанайдағы машина жасау зауытынан өрт шықты. Өндірісте болған жүздеген жұмысшы дереу сыртқа шығарылды. Ресми мәлімет бойынша от бояу цехында тұтанып, 30 шаршы метр жер жанған. Айналасы екі сағат ішінде өрт толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өндіріс ошағы штатты режимде жұмыс істеп жатыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу