ЕО қытайлық электромобильдерге қосымша тариф енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО қытайлық электромобильдерге қосымша тариф енгізді

12.06.2024

Еуропа Одағы қытайлық электромобильдерге қосымша баж салығын енгізбек. Мұны Еуропалық комиссия мәлімдеді. Бұл шешім күшіне енсе, Қытай көліктеріне тариф көлемі 38 процентке дейін жоғарылауы мүмкін. Брюссель еуропалық компаниялардың қауіптенуіне негіз бар. Өйткені Бейжің автокомпанияларына субсидия береді. Соның арқасында өндіріс артып отыр. Әрі АҚШ пен Еуропа Қытай әлемдік нарықты өз өнімдерімен толтырып, оларды демпингтік бағамен сатуды көздейді деп есептейді. Бұдан батыстың автокөлік өнеркәсібіне жойылу қаупі төнуі мүмкін. Зерттеулерге қарағанда, былтыр Еуроодақ нарығындағы Қытай электромобильдерінің үлесі 7,9 процентке өскен. 2027 жылы бұл көрсеткіш 20 пайыздан асуы мүмкін.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу