Алматыда балалар тұрақтағы көлікті қиратқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар тұрақтағы көлікті қиратқан

13.06.2024

Алматыда бір топ бала аулада автотұрақта тұрған көлікті қиратқан. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада жасөспірімдердің көлікке әдейі зақым келтіргені анық көрінеді. Автомобильдің шанағына мініп, алдыңғы терезесінен теуіп, шытынатты. Қалалық Полиция департаменті қызметкерлері кішкентай бұзақыларды анықтады. Қазір оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр. Енді көлік жүргізушілеріне келтірген шығынды балалардың ата-аналары өтеуі тиіс. 

Айдана Қуантхан 

Хабарламаларға жазылу