Елімізде IT-мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігі бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде IT-мамандықтарға тегін оқу мүмкіндігі бар

13.06.2024

Қазақстандық қыз-келіншектер IT-Aiel бағдарламасы аясында IT мамандықтарды тегін оқи алады. Қатысуға өтінім білдірушілер кәмелеттік жасқа толуы керек. Жоба компьютерлік сауаттылықтың негізгі дағдыларын тегін меңгеруге және No Code School, Freelance School, E-commerce курстары шеңберінде онлайн оқуға бірегей мүмкіндік береді. Оқу 24 маусымда басталып, 12 аптаға созылады. Айта кетейік, былтыр жобаға 3 мыңнан астам қыз-келіншек өтінім білдірген. Олардың ішінде 900-ден астам жұмыссыз әйел, бала күтімімен үйде отырған 400-ден астам ана, 500 студент және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 700 әйел бар.

Аида Ахметбек 

Хабарламаларға жазылу