Мәскеу биржасына қарсы салынған санкция Қазақстан нарығына әсер етпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу биржасына қарсы салынған санкция Қазақстан нарығына әсер етпейді

13.06.2024

Мәскеу биржасына қарсы салынған санкция Қазақстан нарығына әсер етпейді. Осылай деген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңге бағамы үшін алаңдауға негіз жоқ деді. АҚШ бір күн бұрын Мәскеу биржасы мен оған еншілес компанияларға санкция жариялады. Осыған байланысты Ресей бүгіннен бастап доллар мен еуро саудасын тоқтатты. Ал қазақстандық KASE акцияларының 13 пайызы осы Мәскеу биржасына тиесілі. Тимур Сүлейменов бұдан рубль бағамы тұрақсызданып, теңге әлсірейді деген болжамды жоққа шығарды.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Жалпы ешқандай біз үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Өйткені, қазіргі таңда біздің КАСЕ-нің капиталында MOEX-тің үлесі 13 процент. Ал санкцияларға ұшырау үшін 50 проценттен астам үлесі болуы керек. Бізде 13 процент. Сондықтан ешқандай алаңдаудың қажеті жоқ. 

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу