Петиция талаптары өзгере ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петиция талаптары өзгере ме?

13.06.2024

Петиция талаптары өзгеруі мүмкін бе? Бұл сауалды бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан БАҚ өкілдері сұрады. Министр: бір-бірімен келіспейтін тараптар ұжымдық өтінішке қол қоятындардың санын көбейтуді, әрі өтініштерді қарайтын мемлекеттік органдар тізімі арттыруды керек деп уәж айтылып жүргенін айтты. Бұл ұсыныстарды қарайтындарын жеткізді. Жалпы елімізде ресми онлайн-петициялар қабылдайтын e-Petition.kz сайты жұмыс істейді. Ондағы өтінішті Үкімет деңгейінде қарау үшін 50 мыңнан астам дауыс жинау шарт.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Бұл мәселе қазір қызу талқыланып жатыр. Біз кез-келген мәселенің қоғамда алауыздық тудыруына жол бермеуіміз керек. Сондықтан тұрғындардың пікірін тыңдау маңызды. Соңғы апталарда өтініштерді қараған кезде шекті ұлғайту керек деген сұрақ туындады.


Хабарламаларға жазылу