Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастық артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ынтымақтастық артады

14.06.2024

Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынасты дамытуда парламентаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Мемлекеттік Думасы арасындағы парламенттік комиссиясының отырысында айтты. Жиын алдында Мәжіліс спикері Мемлекеттік Дума төрағасының бірінші орынбасары Александр Жуковты қабылдап, тараптар алдағы күн тәртібіндегі негізгі жұмыстарды талқылады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Жыл өткен сайын біздің қарым-қатынасымыз тек нығайып келеді. Екіжақты қатынасты дамытуда парламентаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Біз түрлі алаңдарда жиі кездесеміз, пікір алмасамыз. Біздің әр басқосуымыз жаңа идеялар мен бастамаларға толы. Бүгін ұзақ уақыттан кейін комиссиямыздың жұмысын қайта жандандырғанымыз да – бірлесіп жұмыс істеуге ынталылығымыздың айғағы.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу