Аслан Құлмағамбетов жалға көлік алып, нәпақасын тауып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Құлмағамбетов жалға көлік алып, нәпақасын тауып отыр

14.06.2024


Осы жексенбіде қазақстандықтар әкелер күнін атап өтеді. Мереке қарсаңында тілшіміз Тәуірбек Бозекен қайсар әкенің бірімен сұхбаттасып келген еді. Астаналық Аслан Құлмағамбетов ұлдарын өзі өсіріп отыр. Бірнеше жыл бұрын жұбайы қайтыс болған. Өзі екінші топтағы мүгедек болса да жалға көлік алып, нәпақасын тауып отыр.

Аслан Құлмағамбетов, қала тұрғыны:
Кішкентай ұлым білмейді, шешесін. Ана туралы да ештеңе білмейді. Ойын баласы, мына кісі кім деп сұрақ қояды. Сол кезде түсіндіріп айтамын. Бұл сенің анаң деп. Ол қайда деп сұрақ қояды. Үлкен ұлым ол кезде 1 сыныпта. Есін біледі. Шешесін сағынады, жылайды. Кейде айтады «Мамам былай істейтін еді ғой»,-деп, маған. «Қыдыртатын еді»,-деген сияқты.

Аслан Құлмағамбетов, қала тұрғыны:
Шешесі жоқ, әкесі тастап кеткен деген ойында қандай сана болады?! Қандай ой болады, ол балады?! Үйлену деген менің ойымда да болған жоқ. Қой өз баламды өзім өсірейін, өз тәрбиемде болсын,-деген оймен балаларды ешкімге берген жоқпын.
Мұхамедәли Болатбек:
Әкем жақсы адам. Таңғы 7-де кетеді. Кешке 6-да келеді. Күніне 500-600 теңге беріп отырады. Өзім велосипед алуға жинаймын. Әкемнің қасиеті біз қандай жерде тұрсақ та бізге қарап, бізге уақыт бөліп, қиын болса да бізге уақыт бөледі, сөйлеседі. Бізді анда-мында апарады. Керек заттарыды әпереді.
Аслан Құлмағамбетов, қала тұрғыны:
Көлікті жалдаймын күніне 10 мыңнан. Айына 300 мың теңге. Квартираға 116 мың. Осы көліктің ақшасымен. Сосын балалардың пособиясын аламын 53 мың. Жетпесе содан алып жабамын. Болмаса қарызданып қалып бір айдігін бір айға төлеп, әйтеуір келтіремін.
Аслан Құлмағамбетов, қала тұрғыны:
Өзім 2 группадағы мүгедекпін. Пенсия бәрі тоқтаған. Бұрын 23 мың алатынмын. Өзім кейде қатты уайымдаймында. Бір рет есімнен танып құладым. Бір рет рөлде құладым. Ертесіне тұрсам жансақтау бөлімінде жатыр екем. Врачтар жібермейміз деді. Үйде екі бала ғана. Көнбей қолхат жазып бердім дәрігерлерге. Сіздердің ешқандай кінәліріңіз жоқ дегендей, үйге кетіп қалғам.
Аслан Құлмағамбетов, қала тұрғыны:
2010-да келіншегіммен танысып отау құрдық. Үлкен ұлым Мұхамедәли 2010-да дүниеге келді. Әдемі жақсы тұрып жатырдық. Таңертең сол 7-нің шамасында бала жылаған соң келіншегімді оятып енді, Ұйқыдан тұрмады. Баланың айранын беріп «Тұр жұмысқа барайық» деп оятсам тұрмады. Содан денесі салқындап. Содан сездім. Жедел жәрдем шақыртып, таңғы бестің шамасында қайтып кеткен. Бала ол кезде кішкентайым 1,5 жаста, Үлкенім 7 жаста. 1 класс бітірген кезі. Тастап кететін жер жоқ.
Аслан Құлмағамбетов, қала тұрғыны:
Ендігі арманым күнделікті ойым тапқан 10 мың теңге болса да өз машинаң болса екен дейсің. Соны жинап үй алсам екен балаларға. Балалардың оқуын, күресін тоқтатпай төлеп отырсам деген ойым ғой. Өз машинам болса екен деген. Үйді армандамайтын себебім. Өзім үйімді салып, өзім үй алып. Балаларым соны көрсе екен. Қандай еңбекпен келетінін. Қалай ақша жинайтынымды. Соны көрсе екен деймін. Олар да сондай тәрбиелі болуын қалаймын ғой. Әйтпесе, олар бағасын түсінбей өседі.
Мұхамедәли Болатбек:
Менің арманым дзюдодан КМС болып, інімді қорғау. Сосын өз отбасымды осы биіктікке жеткізу. Арманым әкемнің несиелерін жауып және оған мәшине мен үй алып беру. Бүкіл ауратын жерлерімізді емдеп, және өзіме де ініме де машина мен үй әперу.
Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу