Гаагада «Достық» орындығы орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаагада «Достық» орындығы орнатылды

14.06.2024

Гаагада Қазақстан мен Нидерланд арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына орай «Достық»орындығы пайда болды. Символдық орындықтың ашылу рәсіміне корольдіктің Сырты істер министрлігінің, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері мен депутаттар қатысты. Орындық «Haagse Bos»саябағына қойылды. Мұнда Нидерланд королінің резиденциясы орналасқан. Екі ел достығын айшықтау мақсатында 2015 жылы Роттердам қаласында «Астана алаңы», 2023 жылы Астанада «Қызғалдақ» ескерткіші ашылған болатын. Ал, биыл Нидерланд Премьер-министрі Марк Рюттенің Астанаға жұмыс сапары аясында елордада «Амстердам алаңы» бой көтерді.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу