Шегірткемен күрес: Түркістан облысында диқандар шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шегірткемен күрес: Түркістан облысында диқандар шығынға батты

16.06.2024

Түркістан облысының дихандары алқаптарын шегіртке басып, шаршап жүр. Әрине, шаршайды- Арыс қаласына қарайтын Байтоғай мен Қожатоғай ауылдарында жиырма шақты күнде піскелі тұрған қарбызды көктей солдырып кетткен. Онсыз да бейнеті көп шаруа адамы «шегіртке халал ғой, ол да құдайдың жаратқаны» деп еш айта алмайды. Малмен, егінмен күн көретін адамдар үшін жайылым мен егістікті зиянкес жайпап жатса, қалай айтады? Шегіртке Қостанай облысында да шықты. Ауыл шаруашылығы министрі не дейді? Ғалым не дейді? Басты сауал - шегіртке жайпап кеткен алқаптарда биыл енді ештеңе шықпай ма? Амангелді Сейітханның материалы.

Осы аптада қаптаған қалың шегіртке көшінің жолды басып, көліктерді де жүргізбей жатқан видеолары көп тарады. Алдымен Ақтөбе,кейін Қостанай мен Түркістан облыстарында әбден жетіліп, қанаттанып алғандары ешкімге дес бермей кетті. Апта соңында Абай облысында да шегіртке шабындықты отап жатыр деген ақпарат тарады. Ал Түркістан облысында жағдай күрделі.Мұнда тура ауылдардың ішімен өткен зиянкестержолында кездескен, жеуге келетіннің бәрін түгел жайпады.

Зүльфия Әбішеваның еккен қарбыздары жиырмашақты күнде піскелі тұрған. Бірақ, қазір тамыры мен сабағынан басқа түк қалмаған. Бір гектар алқапты бала-шағасымен жабылыпжүріп қорғаса да, шамасы келмеген.

Зульфия Әбішева – Шаруа:

Бірден дүмеп, қарша борап қыр жақтан келді де топап-талап жеп кетті. Жапырағын жеп кеткен. Сабағынан енді өніп шықпайды қайтып.Ақша жөнінде 500-ден артық кетпесе кем кеткен жоқ. Сөйтіп әрекет қылып, қанша бейнет қылғанмен бір пәсте 2 сағаттың ішінде жоқ болды.

Шегіртке Шардара ауданындағы мақта алқаптарын да тып-типыл етті. Ал, Сарыағаш ауданының Әлімтау ауылдық округінде бидай еккен шаруалар зардап шекті.Қанша дәрі себілсе де,шегірткеден құтыла алмаған тұрғындар өздері де құрылғы алып, қосымша дәрілеген.

Ержігіт Әбен – Әлімтау Ауылының Тұрғыны:

Кішкентай ұшпайтын кезде дәріледі.Оған өліп жатқан жоқ. Дәрілеген жердің нәтижесін көрген жоқпын. Өзім дәрілеген жердің нәтижесін көрдім, 10-15 минутта өліп қалды дәрілеген жерім. Бірақ жаңағыдай дәрілеген жердің нәтижесін көрген жоқпын.

Тұрғындар дәрінің сапасынакүманданады. Бірақ, ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі дәрі құрамы тексерілген, күман болса нақты дәлелдер алып келсін,-дейді.

Мұхтар Алиев - ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:

Шақыру керек мамандарды. Сөйтіп өздерінің шағымдарын айту керек. Жай ғана сөз болмау керек. Нақты қай жерде, қай уақытта фактілер болу керек.

Бұлттай үйірілеұшқан шегірткелерАрыс қаласына қарасты Байтоғай ауылында егістікпен біргеелдімекенді де жаулап алды. Тұрғындар күндіз көшеге шығудан қалды. Кейбірі егістігін желпуішпен қорыса, бірі көлік доңғалағын жағып,түтінмен қорғануға тырысқан.

Ілияс Адамбаев – Ауыл тұрғыны:

Жағып, шегірткеден қорғанып жатқанымыз ғой. Оған кетіп те қарық болып жатқан жоқ. Қорықпайды екен. Далбаса екен. Бекерге балон жаққаның қалады.

Жағдай қиындай бастағанда Премьер-министрдің орынбасарыСерік Жұманғарин менАуыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірлерге барды. Шаруалардың шығыны өтеледі, тиісті жұмыс атқарылып жатыр,-деді.

Айдарбек Сапаров - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Бүгінгі күні 860 мың гектар жұмыс обработкасын жасадық. Керек препараттар барлығы алынды. Техникаларымыз дайын.

Ауыл шаруашылығы министрлігі болжамынша, биыл зиянкестер 2,5 миллион гектарға таралмақ. Соның жартысына қазір дәрі себілген. Әзірге шегіртке қанша гектардыбасқаны белгісіз. Мамандар сөзінше, шегірткенің көбеюіне бірнеше фактор бар. Олар әр 11 жыл сайын циклды түрде өрбиді екен.Ал, биыл 11 жылдық дамудың шарықтауы.

Мұхтар Алиев - ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:

ҚР қолайлы климаты, одан кейін мына ауа райының ыстығына байланысты биыл мына шегірткенің өсу деңгейі соған келіп тұр.

Табиғи факторға қоса, былтыр жауаптыларжіберген қателік те бар. Оны Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

Серік Жұманғарин – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

Былтыр біз жіберіп алдық. Оны жасырмаймыз. Былтыр қосымша 1 млн гектар аумаққа тарады. Оның алдындағы 1,5 млн гектарды қоссақ, жалпы 2,5 млн гектар. Бірақ, қаңтардаҮкімет қаулысымен қосымша тағы 3,9 млрд теңге бөлінді.

Оған дейін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінген. Бірақ, сонда да шегірткелертолық жойылмады. Ал, апта бұрын Серік Жұманғариннің мына сөзі қызу талқыланды.

Кейін: «Мен ешкімге шегіртке жеуді ұсынған жоқпын»,-деді.Десе де Азия елдерінде бұл сұранысқа ие. Қуырып жеп,қайнатып сорпасын ішетіндер де бар. Өйткені, ақуызға бай. Бірақ, сол ақуызды алуғақазірмүмкіндік жоқ екені түсінікті.Өңдеу тұрмақ, қорғану қиын.Ал, қазақ өсімдік қорғау институтының ғалымдары ғылымға әлі де көп көңіл бөлінсе,-дейді.

Бақытжан Дүйсембеков – Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

Кезінде шегірткелердің экологиясы деп аталатын зертхана болатын. Ол зертханада шегірткенің мамандары ғылыми жұмыспен айналысатын. Өкінішке орай бұл зертхана 2004 жылға дейін қаржыланып, одан кейін тоқтап қалды. Зертхана тарап, мамандары басқа бөлімдерге кетті. Соған қарамастан ғалымдарымыз ғылыми жұмыстарында біраз еңбектер атқарылып жатыр. Алайда біздің жасаған әдістемелік нұсқауларымызды ұтып алып жүрген мердігерлер оны толық сақтап жүр, деп айта алмаймыз.

Яғни, мердігерлер жұмысын бақылау маңызды. Ал, кейбір елдер шегірткеден тек химиялық емес, биологиялық тәсілмен де қорғанады. Мысалы, интернеттенқарасақ, Қытайда құстарәскері құрылған. Ол 20 жылдай нәтижесін де көрсетіп келеді екен.

Мұхтар Алиев - ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары:

Қытай халық республикасы биологиялық олар енді құс өсіреді. Қолайлы жағдай жасайды құсқа.

Осыған ұқсаспікірді экология тақырыбын көтеріп жүретін Сәкен Дәлдахмет тежазды.

Шегірткелердің қаптап кетуіне бір себеп бар. Ол - шаруалардың тым көп химикат қолдануында. Бүкіл егістік жерлерде түрлі химикаттар себіледі. Сол себілген жерлерге не құрт-құмырсқа, не құс жоламайды. Егер де барлығы экологияға зиянсыз болғанда, қазіргі қаптап жатқан шегірткелердің қызығын құстар көрер еді. Тез әрі көп өнім аламыз деп, құстардың санын азайтып, экологиялық балансты бұзып алдық.

Мүмкін, мұны да есепке алу керек. Әйтпесе, қазірдің өзінде қанша шаруа шығынға батқаны белгісіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі жұмыс жүйелі жүрмесе, шегіртке шабуылы тамызғадейін жалғасуы мүмкін,оған жол бермеу үшін күрес күшейді,-деді.Ал, келесі жылы100 дрон сатып алынбақ. Ол шегіртке жұмыртқа тастаған аймақтарды анықтап, сол кезде жою үшін керек.Айтпақшы, Сәкен Ділдахмет шегірткені уламай жинап,деликатес ретінде тұтынатын елдерге сатуғаболады деген. Вице-премьер Жұманғарин де соны айтқысы келді ме екен. Алайда улап қатыра алмай жүргенде, жинап сатамыз деу - жұмсартып айтқанда, жымитады.

Амангелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу