Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Асылдың сынығы Мұрат Мұхтарұлы ел тарихы мен мәдениетін зерделеп Қазақстанның қалыптасуына, Тәуелсіздіктің орнығуына алғашқы заңдық құқықтық негіздемелердің қабылдануына үлес қосты. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері, Мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының көңіл айту хатын оқыды. «Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, соңына өлшеусіз мол мұра қалдырды» делінген көңіл айту хатында. Марқұм Алматының орталығындағы Райымбек даңғылы бойындағы зиратта жатқан әкесі Мұхтар Әуезовтің қасына жерленді.
Мәлік Отарбаев, ҚР Президентінің кеңесшісі
Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына өзінің қоғамдық саяси істерімен зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр кешіп, кемел де кемеңгер әке жолын лайықты жалғаған Мұрат Мұхтарұлының жарқын бейнесі мен қадірлі есімі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады.
Қуан Нұрақын