EURO 2024: D тобының кездесулері тартысты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2024: D тобының кездесулері тартысты өтті

17.06.2024

Гамбург қаласындағы Фолькспаркштадион стадионында Польша – Нидерландя құрамалары арасында D тобының алғашқы ойыны өтті. Матчтың 16 минутында Петр Зелинскийдің пасынан кейін Адам Букса гол соғып, поляктар есеп ашып кетті.

Ал Куман шәкірттері 13 минут өткен қарсылас қақпасынан саңылау тауып, таблодағы есеп 1:1-ге өзгерді.
Қосалқы құрамнан алаңға шыққан шабуылшы Ваут Вегхорс ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда жеңісті голды соғып, Нидерланды құрамасы маңызды жеңіске қол жеткізді. 2-1.

Джорджиньо Вейналдум, Нидерланды құрамасының ойыншысы:
Матч қиын болды. Басында біраз қобалжып қалдық. Ойын барысында бас бапкер дұрыс нұсқау беріп, тактикалық өзгеріс жасады. Ең бастысы қажетті ұпайды алдық.
Польша құрамасы келесі ойынын Австрия құрамасына қарсы өткізеді. Плей-офф кезеңіне шығу үшін Ми́хал Про́беждің командасына ұпай қажет.

Петр Зелиньский, футболдан Польша құрамасының ойыншысы:
Ойынның басын жақсы бастадық. Бірақ қорғаныста жиі қателестік. Қарсылас өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланды. Бізде әлі мүмкіндік бар. Ең бастысы алдағы екі ойынға тыңғылықты дайындалу керек.
Ал Дания құрамасы алғашқы кездесулерінде Словениямен ұпай бөлісті. Кристиан Эриксен бірінші таймда командасын есепте алға шығарғанымен, Словениялықтар матчтың 77 минутында есепті теңестіріп кетті.

Ерсін Ерік

Хабарламаларға жазылу